Айқындауыш мүше (Уточняющий член)

Айқындауыш мүше (уточняющий член)
Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т.б. жағын айқындап тұрады. (Член предложения, уточняющий другим словом конкретное значение какого-либо члена предложения.
Уточняющий член конкретизирует или поясняет вещественное значение, значения места, времени и др).
Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:
(По составу, строению и содержанию уточняющие члены бывают трех видов).
1. оңашаланған айқындауыштар (обособленные уточняющие)
2. қосалқы айқындауыштар (дополнительные уточняющие)
3. қосарлы айқындауыштар (удвоенные уточняющие)

1.Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.Бірнеше және бірыңғай мүше болып келсе, үтірдің орнына сызықша белгісі қойылады. Оңашаланған айқындауыш жалпылауыш мүшені де айқындауы мүмкін. Онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, ал айқындауыштан кейін сызықша немесе үтір қойылады.
(Обособленные уточняющие: слово или несколько слов, которые служат для конкретизации или пояснения значений впередистоящих слов. Иногда перед обособленными уточняющими членами могут находиться слова : особенно, то есть, чаще всего, как будто. Обособленные уточняющие члены поясняют не только подлежащее, но и другие члены предложения: обстоятельство, дополнение, иногда и определение. Обособленные уточняющие с двух сторон выделяются запятыми. Если присутствуют несколько уточняющих однородных слов, то вместо запятых ставится тире. Обособленный уточняющий член может уточнять значение и обобщающего слова. Тогда после обобщающего слова ставится двоеточие, а после уточняемого члена ставится тире или запятая)
Мысалы: Біздің мектептің оқушылары, әсіресе, 9 сынып және 10 сыныптары,әрдайым аудан сайыстарына
қатысуда. Бұларсыз – жем-шөпсіз, қорасыз, жайылымсыз – малды қыстан күйлі шығарам деген
бос сөз. Еуропаның теңіздері: Азов, Солтүстік және Баренц теңіздері – балыққа бай.

2.Қосалқы айқындауыш: көбіне зат есімдердің қосымша сыны ретінде жұмсалады.Қосалқы айқындауыштар анықтайтын сөздерінің алдында келсе де, соңында келсе де, ешбір тыныс белгісіз байланысады.
(Дополнительные уточняющие в основном используются в связке с именем существительным. Где бы ни стояло дополнительное уточняющее (в начале, в конце), с уточняемым словом оно связывается без знака препинания)Мысалы: Әнші Ермек Серкебаев түрік еліне танымалы тұлға. Алпамыс батыр, профессор Сабырбаев.

3.Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз.Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.
(Удвоенное уточняющее связывается с уточняемым членом при помощи дефиса, конкретизируя значение слова и являясь его второй частью).
Мысалы: Т.Тоқтаров әлемге танымалы ұшқыш-ғарышкер. Телефон-автомат, инженер-механик.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *