Дыбыс үндестігі заңдылығының үш түрі бар

Дыбыс үндестігі заңдылығының үш түрі бар
(Есть три вида ассимиляции звукового сингармонизма)
Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығындағы алғашқы дауыссыз дыбыстың кейінгі дауыссыз дыбысқа әсерін тигізетін құбылыс.
(Прогрессивная ассимиляция – явление, которое происходит при присоединении к корню аффиксов, также в словосочетаниях, когда предыдущий согласный звук влияет на последующий согласный звук).
Ілгерінді ықпалдың түрлері (Виды прогрессивной ассимиляции)
1. Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшаның алғашқы дыбысы қатаң болады.
(Если последний звук слова твердый, то первый звук аффикса тоже бывает твердым):
Мысалы: ас+пен, күрес+кер, бас+қа, зат+тың, зат+пен т.б.
2. б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөздер айтылуда -п-ф-к-т- дыбыстарына айналады. Сондықтан бұл сөздерге жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы қатаң дыбыс болады. (При произношении слов, оканчивающихся на звуки б,в,г,д слышатся звуки –п-ф-к-т. Поэтому первый звук аффикса тоже бывает твердым). Мысалы: клуб+та, снаряд+тан, геолог+те, Иванов+та, араб+ша, Ленинград+қа т.б.
3. Түбір сөздің соңғы дыбысы ұяң дыбыс болса, қосымшаның бас дыбысы көбінесе ұяң болады.
(Если последний звук корня звонкий, то первый звук аффикса тоже в основном бывает звонким).
Мысалы: жаз+дың, қаз+бен, этаж+да, күз+дік,қоян+дар т.б.
4. Егер сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді дыбыс болса, жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы ұяң не үнді дыбыс болады. (Если последний звук слова гласный или звонкий, то первый звук аффикса бывает звонким или сонорным). Мысалы: бала+лық, шам+дар, қала+ға, оқушы+лар, көктем+гі
5. Түбірдің соңғы дыбысы –ш- болып, қосымшаның басқы дыбысы –с- болса, айтуда -с- дыбысы -ш- дыбысына айналады. Бірақ жазуда –с- дыбысы сақталады. (Если корень оканчивается на звук –ш-, а начальный звук аффикса начинается со звука -с- , то при произношении звук –с- превращается в звук –ш-. Но при письме буква –с- сохраняется). Мысалы: шаш+са – шашша, іш+сін – ішшін, аш+са –ашша
6. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді, ұяң дыбыстардың бірі болып, одан кейінгі сөздің басқы дыбысы қатаң –к-қ- болса, айтуда бұл дыбыстар –г-ғ- дыбыстарына айналады. Жазуда –к-қ – дыбыстары сақталады. (Если слово оканчивается на гласные, звонкие,сонорные звуки, а следующее слово начинается с глухих -к-қ- , то при произношении звуки –к-қ- превращаются в –г-ғ-. При письме –к-қ- сохраняются).
Бұл көбіне біріккен сөздер мен сөз тіркестерінде кездеседі.(В основном этот процесс встречается в
слитных словах и словосочетаниях). Мысалы: қара қой –қара ғой, ала кел-ала гел, Талдықорған- Талдығорған, көзқарас- көзғарас, атың кім?- атың гім? т.б.
7. Біріккен сөздердің алғашқы сыңарлары қатаң дауыссыздарға аяқталып, екіншісі ұяң дыбыстардан басталса, айтуда ұяң дыбыс қатаң естіледі. Жазуда бұл еленбейді.
(Если в слитных словах начальная пара оканчивается на глухой звук, а вторая пара начинается со звонкого, то при произношении звонкий звук оглушается. При письме это не учитывается).
Мысалы: Жүнісбек-Жүніспек, Сәтбаев-Сәтпаев т.б.

Кейінді ықпал – бір сөз көлемінде немесе екі сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп, ықпал жасайды. (Регрессивная ассимиляция – это явление, когда предыдущий звук уподобляется последующему звуку).

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *