Еліктеу сөздер (подражательные слова)

Еліктеу сөздер (подражательные слова)
Түрлі дыбыстарға еліктеуді немесе құбылыстар мен қимыл-қозғалыстарды бейнелеуді білдіретін сөздер.
Сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш.
(Слова, которые применяются для подражания звуков, издаваемых одушевленными или неодушевленными предметами, называются подражательными словами.Основная функция в предложении –обстоятельство)
Құрамына қарай (по составу)
1. Дара (простые) – бір ғана сөзден тұрады.(состоит только из одного слова)
Мысалы: шалп, сарт, сырт, көлбең, қайқаң , тарс, күмп, жымың т.б.
2. Күрделі (сложные) – екі сөздің қосарлануынан жасалады. (состоит из двух слов)
Мысалы: маң-маң, гүр-гүр, дір-дір, тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.

Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі (непроизводные) – бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз.  (подражательные слова,которые состоят из одного корня)  Мысалы: дұрс, ар, жалт т.б.

2. Туынды (производные) — түбірге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған еліктеу  сөздер. Жұрнақтары: -аң-ең-ың-ің-ң
(подражательные слова,образованные посредством  корень+суффикс) Мысалы: томп+аң, елп+ең, қорб+аң, бұр+алаң, соз+алаң т.б.

Мағынасына қарай (по значению)
1. Еліктеуіш сөздер – түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған сөздер.  (звукоподражательные слова, образованные для подражания различных звуков)  Мысалы: тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір, тасыр-тұсыр т.б.
2. Бейнелеуіш сөздер – көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер.  (образоподражательные слова)
Мысалы: бүлк, қалт, селк, желп, морт, қисаң-қисаң т.б.

Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі (функция подражательных слов в предложении)
1. Бастауыш
Көмекші етістікпен тіркескен еліктеу сөз заттанып, бастауыш болады.
(субстантивируясь и сочетаясь со вспомогательным глаголом, звукоподражательные слова являются подлежащим)
Мысалы: Жарқ-жұрқ еткен су екен.
2. Баяндауыш
Көмекші етістікпен тіркесіп келіп, күрделі баяндауыш бола алады.(сочетаясь со вспомогательным глаголом, может выполнять функцию сложного сказуемого)
Мысалы: Сұр жылан тілін сумандатып, ыс-ыс етеді.

3. Толықтауыш
Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп келіп, сондай-ақ заттанып, толықтауыш болады. (сочетаясь со вспомогательным глаголом, также субстантивируясь, подражательные слова являются дополнением)Мысалы: Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді.  Мырс-мырс еткенінді қой.

4. Пысықтауыш
Етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болады. (сочетаясь с глаголом, является обcтоятельством) Мысалы: Ол сылқ етіп қайта құлады.

5. Анықтауыш
Көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында тұрып, анықтауыш болады. (сочетаясь со вспомогательным глаголом и находясь впереди существительного, является определением).
Мысалы: Сол кезде тура алдынан бұрқ еткен шаң шықты.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *