Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 3

Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 3
1. Қай қатар есімдіктің белгілі бір мағыналық түріне жатпайды?
А) Әркім, кейбіреу, әлденеше В) Олар, мен, біз С) Кім, қашан, неше
Д) Біреу, ешбір, қайсыбір Е) Бәрі, түгел, барша
2. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Дәнеме В) Бірдеме С) Кімде-кім Д) Әлдекім Е) Біреу
3. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) Менге В) Сенмен С) Сода Д) Бұдан Е) Сеннің
4. Толықтауыш қызметіндегі есімдік қайсы?
А) Ол В) Бізбен С) Үнемі Д) Ақылдасады Е) Кеңеседі
5. Тұрлаулы мүшелер қызметін атқарып тұрған есімдікті табыңыз.
А) Оған ешкімнің дауы жоқ. В) Бітетін біздің жерге егін қандай! С) Бәріміз осында.
Д) Әкем әлдекіммен сөйлесті. Е) Барлық кек бірге қайнап тұр.
6. Анықтауыш қызметінде тұрған есімдіктің қай түрі?
«Өз елім — өлең төсегім».
А) Жалпылау В) Сілтеу С) Сұрау Д) Белгісіздік Е) Өздік
7. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз.
А) Менің мынауым В) Сенің бұның С) Сіздің осыңыз Д) Оның мұнысы Е) Біздің олымыз
8. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өздері В) Өздеріңіздің С) Өзіңнен Д) Өздеріменен Е) Өздерімізденсің
9. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Олар жиналысқа түгел қатысты. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.
С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді.
Д) Бұлардың ойы іске аспады.
Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.
10. Есімдікті басқаша қалай атайды?
А) Есім сөз В) Орынбасар сөз табы С) Көмекші есім Д) Жалпы есім Е) Есімше

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *