Қазақша Ересектеу оқушы алдымен белгілер кезеңіне, сонан соң қаты

Ересектеу оқушы алдымен белгілер кезеңіне, сонан соң қатынастар кезеңіне өтеді, сонымен жеке заттар арасындағы күрделі қатынастарды кабылдайтынын біз білеміз. Осыдан: ересектеу оқушы әлемді адамдар мен заттар күрделі катынастарының жүйесі деп кабылдайды деген қорытынды жасалады. Ойлау психологиясы үшін негізгі маңызы бар түйінді факт біз жаңа ғана көрсеткен жағдайларды кайта карау болып табылады. Ол тек заттар мен нәрселерді ғана емес, заттардың ең майда қасиеттері мен сапаларын да қабылдауы тиіс, өйткені заттың өзі — жекелеген белгілер мен катынастардың күрделі байланысы.
Бала туралы білетініміздіц бәрі: сәбилік шақ пен мектепке дейінгі бала заттарды олардың аса нақты байланыстылығында болмыстың кесіндісі ретінде кабылдайды. Суретпен жасалған тәжірибе негізіндегі жеке заттарды бастапқы кабылдауы, шын мәнінде — кейінгі, баланың кейінірек дамуындағы кезең. Ал ерте кезеңдегі баланың ойлауының дамуы туралы біздің білетініміздің бәрі де, осы тәжірибені жалғастыра берсек, мүлдем басқаша көрініске, яғни бала ойлауының дамуындағы кері процеске әкелетінін көрсетеді.
Бала алдымен байланысқан тұтастық ретінде ойлайды. Бұл кезең синкретизм деп аталады. Синкретизм — оны жіктемей және бір затты екіншісінен бөлмей, баланың тұтастай ойлауына мүмкіндік беретін бала ойлауының ерекшелігі. Бала ойлауының синкреттік сипаты, яғни тұтастай жағдаяттармен, тұтастай байланысты бөліктермен ойлауы соншалықты күішті, ол тіпті оқушының сөз арқылы ойлауында да жалғаса береді және де мектепке дейінгі баланың ойлауын түрлендіретін формасы болып табылады.
Сонымен, синкретизм ойлаудың байланыссыз байланыстылығында, яғни субъективті байланыстың, тікелей әсерден алған байланыстың объективті байланыстан үстемдігінде, осы жерден объективті байланыссыздық және субъективті жалпылай байланыстылық шығады. Баланың қабылдауында барлығы өзара байланысты. Объективтілік жағынан, баланың әсерлер байланысын заттар байланысы деп ойлайтынын көрсетеді. Бала әсерлер байланысы болатынды, ол заттар байланысы деп кабылдайды. Осы жағдайда мида физиологиялық тұрғыдан не болатыны түсініктілеу: бұл И.П.Павловтың иррадиация туралы қызықты жағдайында, яғни қозудың бастапқыда шашыраған, диффузиялы кезеңі, ол алғашқы әсерлер кезінде болады, осы әсерлермен байланысты тұтас кешендер пайда болады.
Бұрынғы кездегі психологтар, субъективті психологтар ойлаудың дамуын қалай елестеткен. Олардың айтуынша, жаңа туған баланың жағдайы қайсыбір инстинкттердің ретсіздігі, ең алдымен, байланыссыз заттардың ретсіздігі, өйткені тәжірибе жоқ болса, байланыс қайдан алынады? Бала ешқашан заттарды көрмеген, мәселен, кереоует, адам, стол, орындық. Егер сезім мүшелері ғана қызмет атқарса, онда, әрине, балада елестердің жылы мен тәттінің, қара мен сарының, түрлі бір-бірімен байланыссыз инстинкттері мен заттар қасиеттерінің ретсіздігі (хаосы) болуы керек. Бірте-бірте инстинкттер қордалана береді, бөлек инстинкттерден топтар құрылады. Осыдан заттар шығады, сосын заттар топтарға қордаланады, ең соңында бала әлемді қабылдауға көшеді.
Эксперименттік зерттеулер бұныңң мүлдем керісінше болатынын көрсетеді. Сәбилік шақтағы бала тұтас үлкен топтармен немесе жағдаяттармен өмірді синкретті қабылдайды, тағы да бір физиологиялық түсінік те осыны көрсетеді.
И.П.Павлов тітіркендіргіштер кешенінің қасиеттерін зерттеген, белгілі тітіркендіргіштер кешені жекелей алынған әрбір тітіркендіргіш, бөлек-бөлек тітіркендіргіштер немесе бір-бірімен қатар алынған тітіркендіргіштерге қарағанда басқа әрекетті көрсетеді. Павлов зертханасында бастапқыда бөлек тітіркендіргіштермен жұмыс істеп, кейін кешенге көшкен. Сонымен, зертханалық практикада жеке тітіркендіргіштерге, сонан соң кешенге эксперимент жасалады. Ол бала өмірінде қалай болады? Меніңше, алдымен бала әсерлер мен заттар кешенімен, толығымен жағдаятпен жолығады. Баланы анасы тамақтандырады, яғни тітіркендіргіш анасы болып табылады, оның киімі, бет әлпеті, дауысы; баланы қолға алып, белгілі қалыпта ұстауы; тамаққа тойдыруы; баланы ұйқыға жатқызып, тынықтыруы.
Бұл бала алдында өтіп жатқан тұтас жағдаят. Сондықтан да Павлов: егер де зертханада тітіркендіргіштер кешеніне біз кейінірек келсек, өмірде генетикалық тұрғыдан бала үішін тітіркендіргіштер кешені бастапқы болады, бала алдымен кешенді түрде, сонан соң ғана жекелеген заттармен ойлайды. Дегенмен суреттерді түсіну тәжірибесі керісінше жағдайды көрсететінін байқау қиын емес.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *