Модаль сөздер (Модальные слова)

МОДАЛЬ СӨЗДЕР (модальные слова)
Модаль сөздер сөйлеушінің айтылу әрекетіне қатынасты сөздер. (Модальные слова выражают отношение говорящего к высказыванию, достоверность и оценку его содержания, обозначают чувства, которое вызывает у него сообщаемое и т.д) Модаль сөздері қазақ тілінде аса көп емес. (Модальные слова в казахском языке немногочисленны): бар, жоқ, керек, қажет, көп, аз, әрине, бәсе, мүмкін, тиіс, бәлкім, ғой, әлбетте, шынында, рас, расында, сияқты, секілді, шамасы, тәрізді, болар, шығар, екен, білем, көрінеді, кәдік, ықтимал т.б.
Модаль сөздер бастауыштың, баяндауыштың, толықтауыштың, анықтауыштың құрамында болуы мүмкін.
(Модальные слова могут быть в составе подлежащего, сказуемого, дополнения, определения).
Мысалы: — Шаруашылыққа икемі бар сияқтылар жұмысқа қабылданды. (бастауыш)
— Кулаков Швабрин сықылды. /С.Мұқанов/ (баяндауыш)
— Әсіресе, Домбаев сияқтылардан сақтанып жүру керек. /З.Шұкіров/ (толықтауыш)
— Жәнібек сияқтының ғана қолынан келетін іс. /Ғ.Мұстафин/ (анықтауыш)
Синтаксистік қызметіне байланысты модаль сөздері зат есімнің, етістіктің және басқа есімдердің грамматикалық тұлғаларына ие болуы мүмкін.
(Модальные слова в зависимости от синтаксических функций могут приобретать грамматические формы существительных, глаголов и пр).
Мысалы: сияқтылардан, сияқтының, сияқтымын, сияқтанды т.б.
Мағына жағынан модаль сөздер екі топқа бөлінеді.
(По значению модальные слова делятся на две группы).
1. Болымды мағыналы модаль сөздер.(модальные слова с утвердительным значением):
рас, расында, шынында, әлбетте, керек, әрине т.б.
2. Болжалды мағыналы модаль сөздер. (модальные слова с предположительным значением):
мүмкін, шығар, екен, тәрізді, болар, тиіс т.б.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *