Салалас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 1

1. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер.
В) Өлең , жыр – қазақтардың жан серігі.
С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік.
Д) Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы.
Е) Байлық пен бақ – сенімді серігін, балаң – артында қалған ізің.
2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Молда маған орын көрсеткен соң, Ораз бен оның баласы араларын аша берді.
В) Байбол суырдың інін қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен.
С) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.
Д) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.
Е) Байқағаным жоқ , сондықтан кінәлі емеспін.
3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады.
В) Балалықты қою керек, сен енді үлкен жігітсің.
С) Ұмтылып арбадан түсейін деп еді, Нұрғали басып жібермеді.
Д) Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес.
Е) Бірі әлдеқашан ескірген сияқты, енді бірі баяғы балалық шағымызға лайық сияқты.
4. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
В) Жорғаң қатты болса, төске сал, ісің ақ болса, көпке сал.
С) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, өйткені онда не шөп, не қамыс жоқ.
Д) Талаптың өзі де түрлі-түрлі болады, талап қылушылар да неше түрлі болады.
Е) Жер таусыз болмайды, ел іші даусыз болмайды.

5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі қандай?
А) Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады.
В) –бірақ , дегенмен- жалғаулықтары арқылы байланысады.
С) Тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады.
Д) Алғашқы сыңарында саралану мәні айқындалады.
Е) -әйтпесе- жалғаулығы арқылы байланысады.
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі.
В) Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: біріншісі – ел басы,
топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі – намысқор келеді екен.
С) Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
Д) Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.
Е) Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақыт қалмады.
7. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз
А) Асқардың сенімін не ел ақтауға тиіс, не тілмаш ақтауға тиіс.
В) Сенің алдында екі-ақ жағдай бар, не сабақты жақсы оқуың керек, не ауылға кетуің керек.
С) Олжабек сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.
Д) Көктемнің ұзаққа созылуы біздерге жайлы болып тұрған жоқ: алыс фермаларға бара алмайды
Е) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
8. Құрамындағы жай сөйлемдер ешбір жалғаулық шылаусыз, әрдайым ұласпалы интонация
арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.
А) Ыңғайлас салалас. В) Қарсылықты салалас. С) Түсіндірмелі салалас.
Д) Себеп-салдар салалас. Е) Талғаулы салалас.
9. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Оқуға бармаймын, өйткені жұмыс істеймін. В) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға бармаймын.
С) Шығарып салуға я мен барамын, я сен барасың. Д) Ол үйде болмағандықтан, біз көрші үйге кірдік.
Е) Оның сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітапты таба алмады.
10. Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
А) 4 В) 3 С) 6 Д) 8 Е) 2

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *