Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тест № 3

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тест № 3
1. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле В) Ата-анаңның қадірін, балалы болғанда білесің
С) Ұрлық түбі – қорлық Д) Бір жердегі бірің – бір Е) Соны да білмейсің бе
2. Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?
А) толымды В) жақсыз С) сұраулы Д) лепті Е) жайылма
3. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Бірде-бір адамды көрмедім В) Екі мәрте толтырды С) Жеті саны қасиетті дейді
Д) Төртеуі де бес алған шығар Е) Бес деген қандай жақсы баға
4. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А) Быжырлаған құрт-құмырсқа В) Қап, айқайлау керек еді С) Болжалдық сан есім қалай жасалады
Д) Кешегі киімді ки Е) Соғысу үшін күш керек
5. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Оны ешкіммен сөйлеткіз(бе) В) Ол өз ойын басқаға айтар(ма) С) Сандықтың үсті толған көр(пе)
Д) Кешке дейін айт(па) Е) Жақсылықты ұмыт(па)
6. Қай сөздер лепті сөйлем жасауға қатысады?
А) одағай сөздер В) есім сөздер С) көмекші сөздер
Д) атау сөздер Е) жалғаулық шылау
7. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Сен не еткен жауыз едің В) Бұл өңірдің таулары ерекше С) Ақын келе ме, келмей ме білмейміз
Д) Бұл есеп қиын болса ше Е) Ол әрқашан қуанышты жүреді
8. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Табиғат қандай тамаша В) Ол қандай машина айдайды С) Кім сөзі сұрау есімдігі емес пе
Д) Қандай болса да табыңдар Е) Соны да әлдеқандай қылып
9. Қайсысы сұраулы сөйлем жасайды?
А) не деген, не еткен В) әттең , бәрекелді С) сірә, шығар
Д) алайда, әйтеуір Е) дейін, бірақ
10. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Оны ешкіммен сөйлеткіз(бе) В) Жігіт атты ұстады(ма) С) Оқушылар саны жиырма бес екен
Д) Күн батуға жақындады Е) Откен жылғы молшылықты ұмыт(па)

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *