Сөйлемнің құрамына қарай тест № 2

1. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Қалың қар. В) Қар жауды. С) Бүгін жауды.
Д) Қар қалың жауды. Е) Қарлы боран.
2. Ұран сөйлемдерден соң қандай тыныс белгісі қойылады?
А) нүкте В) сұрау белгісі С) леп белгісі
Д) тырнақша Е) көп нүкте
3. «Түн. Аспан. Бұлт.» Атаулы сөйлем қандай сөз табынан?
А) есімдік В) етістік С) сын есім Д) зат есім Е) есімше
4. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Ағасы бардың – жағасы бар. В) Таң мезгілі. С) Інісі бардың – тынысы бар.
Д) Ел іші — өнер кеніші. Е) Киімін жинастырды.
5. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Су жылы екен. В) Сізге сәлем деді. С) Қараңғы түнде ай жарық.
Д) Көктем Е) Сәлем жолдады.
6. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Мен бүгін суреттен бес алдым. В) Қайдан? С) Дала.
Д) Сәбит ұшақпен кетті. Е) Жиналыс басталды.
7. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн. В) Азаматтың бойы жылынды.
С) Аппақ қар екпіндеп ұйтқи соқты. Д) Үйге от жақты. Е) Екі көзі төрт болды.
8. Жақсыз сөйлемді табыңыз
А) Ата-аналар мектепке келді
В) Маған мектепке баруға болмайды.
С) Күзде табиғатта өзгерістер көп.
Д) Жазда жылы жаңбыр жауады.
Е) Сен менің қамқоршым боласың.
9. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Тақтаға жазып шықты. В) Кешке келеміз. С) Күндіз де, түнде де.
Д) Дұрыс жауап. Е) Сен шақыр.
10. «……………………. оқып шықсын». Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді қойыңыз.
А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) Маратпен

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *