Сын есімге байланысты тест тапсырмалары № 3

Сын есімге байланысты тест тапсырмалары № 3
1. Дара сын есім тіркесті табыңыз.
А) өткір көзді адам В) аппақ қар С) киім тазаланды Д) көгілдір аспан Е) теп-тегіс жол
2. Сын есімнің жай шырай түрін көрсетіңіз.
А) ақшыл В) тап-таза С) аса қатал Д) сүйкімді Е) қызғылт
3. Негізгі сын есімді табыңыз.
А) түртіншек В) батыл С) шыдамды Д) адам Е) рухани
4. Қатыстық сын есімді табыңыз.
А) заңғар В) ақ сары С) өнегелі Д) ап-аласа Е) ымырт
5. Бағыныңқы сөзі сын есімнен болған тіркесті көрсетіңіз.
А) оқыған зан В) бозторғай С) ызғырық жел
Д) таусылмайтын кен Е) жапырақ сарғайды
6. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді табыңыз.
А) Сәтжанның қабағы қатулы. В) Омар сабақты жақсы оқиды.
С) Сұйықтау, қоңыр шашының арасынан бас құйқасы қалыңдап көрінеді.
Д) Бірі – сұлу, бірі – мықты, бірі – жүйрік. Е) Адам тастай берік, гүлдей нәзік.
7. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
А) Бірлік болмай, тірлік болмас. В) Асанның үйі салтанатты, көрікті.
С) Ол тесіле, сыздана қарайды. Д) Кірпігін сирек қағады.
Е) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
8. Сын есімнен жасалған толықтауышты табыңыз.
А) Ол – намысшыл адам. В) Тұзсыз тамақ дәмсіз. С) Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.
Д) Жорабек орнынан құлықсыз тұрды. Е) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
9. Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз.
А) Сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. В) Ормандағы шиенің піскен кезі еді.
С) Қандай ақылды әрі сүйкімді бала. Д) Ол – қызметіне шексіз адал жан.
Е) Аттар – бауырынан жараған, қуса жететін, қашса құтылатын жүйріктер.
10. Асырмалы шырайдың жасалу жолын анықтаңыз.
А) Жұрнақтар жалғануы арқылы. В) Күшейткіш буынның үстелуі арқылы.
С) Күшейткіш үстеудің тіркесуі арқылы. Д) Сөздердің қосарлануы арқылы.
Е) Сөздердің бірігуі арқылы.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *