Жамантоғай обалары – қола дәуірінен сақталған зират. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Сырдарияның оң жағалауында, бұрынғы «Шардара құрылыс» кентінен 38 км жерде орналасқан. Кейін Шардара су қоймасының астында қалған. 1959–1963 ж. Шардара археол. экспедициясы (жетекшісі А.Г.Максимова) зерттеген. Топырақтан дөңгелектеп үйген 22 оба аралары 150 м болатын 3 топқа бөлінеді. Обалардың диаметірі 5–30 м, биікт. 0,5–2 м. Барлығы 9 оба қазылды. Бұлар мерзімі жағынан 4 тарихи кезеңнің ескерткіштері. Ең көнелері кейінгі қола дәуірі (б.з.б. 1-мыңжылдықтың басы) мен сақ дәуірінің алғашқы кезеңіне (б.з.б. 7–6 ғ-лар) жатады. Кейінгілері б.з.б. 1-мыңжылдықтың соңы – б.з. 1-мыңжылдығының басы және 3–5 ғ-ларға жатады. Жамантоғай обаларынан табылған заттай деректер тобында көптеген қыш ыдыстар, қола, темір, сүйектен жасалған қаружарақтар, әшекейлер бар. Бұлардың ішінде мыстан құйылған қазан, темір қанжар мен қылыштар, сүйек садақ бөлшектері сирек кездесетін олжалар қатарына саналады. Зираттың 5-, 9-, 12-обаларында мүрделердің катакомбалы әдіспен жерленгені анықталды. Жерлеу ғұрпының бұл түрі Қазақстанда аз зерттеліп отыр. Бұл өлкеде көне дәуірден бері халық үнемі тығыз қоныстанып отырған. Тұрғындар негізінен мал, егін шаруашылығымен, балық аулаумен шұғылданған. Сондай-ақ Орта, Алдыңғы Азия, Үндістан елдерімен экон. байланыстарды көрсететін деректер де бар

Жамантөбе – орта ғасырлардан сақталған қоныс орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Отырар қаласы орнынан шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. 1969–1977 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Кемел Ақышев) зерттеген. Кең көлемді қазба жұмыстары жүргізілмеген. Ортағасырлық қалалық мекендердің ғылыми жүйесі бойынша жамантөбе қонысы «алаңқайлы төбелер» түріне жатады. Ғылыми сипаттамасы сыртқы ерекшеліктері мен жер бетінен жиналған қыш үлгілеріне негізделген. Ескерткіш пішіні жағынан диам. 60 м, биікт. 5 м, үсті тегіс төбешік. Осы төбені айнала өтетін төменгі алаңның пішіні дөңгелек, диам. 160 м, биікт. 2,5 м. Зерттеу барысында табылған қыш ыдыстардың дені ернеуі созылыңқы жасалған құмыра сынықтары. Көршілес Отырар қаланың қышымен салыстыра отырып ғалымдар жамантөбе қонысын 8–10 ғ-ларға жатқызады

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *