Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт
Мақсаты:
1)оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,білімге құштарлығын арттыру,озық оқушыны анықтау;
2)оқушылардың дүниетанымын,білімге қызығушылығын және ойлау,ойды жүйелеу қабілетін арттыру;
3)өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.        Көрнекілігі:жұлдызшалар,ғажайып ұяшықтарға арналған плакат,жұлдызша сағаты.
Ұйымдастыру.1.Ойынның мақсатын айту
2.Ойынның шартын ұғындыру
3.Ойыншылармен таныстыру
4.Сарапшы мамандармен таныстыру
5.Жеңімпазды анықтау
Ойын шарттары
I. «Ғажайып ұяшықтар»
II. «Тіл-өнер»
III. «Менің сүйікті авторларым»
IV. «Кім көп біледі?»
V. «Нағыз білгір»
Жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!Бүгінгі біздің 11-сыныптар арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» ойынына қош келіпсіздер!Ойынымызға алты оқушы қатысады, қатысқалы отырған ойыншылармен таныс болайық…
Ойын 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен соңында ұпайы аз бір ойыншы ойыннан шығып отырады.Сонымен дайын болсақ, ойыншыларымызға сәттілік тілеймін!Алғашқы кезең «Ғажайып ұяшықтар» деп аталады.Мұнда тарих,әдебиет,математика,қазақ тілі,география пәндерінен сұрақтар қойылады.
Қазақстан тарихы
10.Мезолит дәуірі біздің заманымыздан бұрынғы қай жылдар?      (12-5 мыңжылдықтар)
15.Үйсіндердің астанасы қай қала? (Қызыл аңғар)
20.Ежелгі Мустьер кезеңіндегі адамды қалай атаған? (Неондертальдық)
25.Сақтардың мал шаруашылығы негізгі үш кезеңге бөлінген,олар қандай кезеңдер? (көшпелі мал шаруашылығы,жартылай көшпелі,отырықшы шаруашылық)
Қазақ тілі
10.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
15.Тұрлаусыз мүшелерді атаңыз. (анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш)
20.Табыс септігінің сұрақтары (кімді, нені)
25. «Синтаксис» грек тілінде қандай мағынаны білдіреді?    (құрау, біріктіру)
Математика
10.Айырмашылығы тек таңбасында болатын сандар (қарама-қарсы)
15.Кез келген шаманың жүзден бір бөлігі (пайыз)
20.Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
25.Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
География
10.Атмосфераның жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты  (тропосфера)
15.Барометр дегеніміз не? (Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал)
20.Қазақстандағы ең биік нүкте және оның биіктігі қанша? (Хантәңір, 6995м)
25.Дүние жүзінде неше материк бар және оларды ата. (6 материк бар: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия, Антарктида)

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *