Ас, тағам, жеміс, көкөніс туралы жұмбақтар

Көк лағым көгенде тұрып семіреді.  (Қарбыз)

Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.  (Қауын)

Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.  (Сарымсақ (Чеснок))

Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.  (Таба нан)

Судан алады,
Суға салса өледі.  (Тұз)

Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.  (Қант)

Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады.  (Жұмыртқа)

Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.  (Жұмыртқа)

Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырыс жалап тұр.  (Қазан, от)

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *