Буын (Слог)

Буын (Слог)
Буын дауысты дыбысқа негізделеді (Слог зависит от гласного звука)
1. Ашық буын (Открытый слог) – буын бір дауысты дыбыстан ғана тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталады.(Слог состоит из одного гласного звука или слог начинается с согласного звука и заканчивается гласным звуком). — А – ВА- Мысалы: а-та, а-ла-са, ме-ре-ке, ә-ке т.б.
2. Тұйық буын (Прикрытый слог) — буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.(Слог начинается с гласного звука и заканчивается согласным звуком). -АВ-АВВ —
Мысалы: ат, ер, іс, ант, өрт, ұлт т.б.
3. Бітеу буын (Закрытый слог) – буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
(Слог начинается с согласного звука и заканчивается согласным звуком). — ВАВ- ВАВВ —
Мысалы: құс, мал, бұл, төрт, бас-қар, жал-ғыз т.б.
Түбірге қосымша жалғанған жағдайда аталған буын түрлері өзгеріске ұшырауы мүмкін.
(При присоединении к корню аффиксов, данные виды слогов могут видоизменяться). .
Мысалы: бас сөзі бітеу буын, ал осы сөзге –ым- тәуелдік жалғауын жалғап, буынға бөлгенде –ба-сым- болып шығады. Бас сөзі өзгеріске түсіп, — ба- ашық буын, -сым- бітеу буын болады. Осылайша ауысу арқылы буындардың сапалық өзгеріске түсуін буын жылысуы немесе буын алмасуы деп атайды.
(Слово бас – прикрытый слог, но при присоединении притяжательного окончания –ым- и при повторном делении на слоги –ба- является открытым слогом, а –сым- закрытым слогом. Это явление называется видоизменением слогов).
Ескерту (примечание):
1. Сөз ішінде келген у, й, ң үнді дауыссыз дыбыстар болса, буынға бөлгенде олар келесі буынның бірінші әрпі болады. (Если в середине слова есть сонорные звуки у,й,ң , то при делении слова на слоги, с данных звуков начинается последующий слог). Мысалы: қа-уын, қа-йық, қо-ңыр, са-уын, ба-уыр, жа-уын т.б.
2. Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. (Если в слове встречаются подряд три согласные звуки, то при делении на слоги первые две согласные звуки остаются в первом слоге, а третий согласный звук переходит на последующий слог). Мысалы: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа т.б.
3. Қазақ тілінде бір дауыстыдан тұратын буын сөздің басында, ортасында, соңында келе береді.
(В казахском языке слог, состоящий из одного гласного звука, может находиться в начале, середине, конце слова). Мысалы: а-та, ки-е-лі, әу-ли-е, а-шық, и-е-ле-ну т.б.

Буын бойынша талдау үлгісі
(Пример разбора слога)
А – жуан, ашық буын Өрт — жіңішке, тұйық буын
Мә — жіңішке, ашық буын Мал — жуан, бітеу буын
Ат — жуан, тұйық буын Төрт — жіңішке, бітеу буын

Буын үндестігі (Слоговой сингармонизм) – сөздің соңғы буынының жуан немесе жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғану заңдылығы.
(Закон присоединения аффиксов в зависимости от твердости-мягкости последнего слога слова).
Мысалы: оқу+шы+лар, заман+дасы+мыз, қазір+гі+лер т.б.
Сөздің құрамында немесе соңғы буынында –х-қ-ғ- дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
(Если в составе слова или в конечном слоге есть буквы –х-қ-ғ , то аффиксы всегда бывают твердыми).
Мысалы:хат, халық, хабар, қысым, қасық, ғалым т.б. Соңында жіңішкелік белгісі –ь- бар бір буынды сөздерден кейін және –брь-бль-ль-ог-уг-рк-рг-нк-нг-кс-кт-ск-лк-нкт-кль- дыбыстарына аяқталған сөздерге жіңішке қосымша жалғанады.
(К словам, оканчивающимся на мягкий знак и на вышеуказанные слоги, прибавляются мягкие аффиксы).
Мысалы: руль+дер, педагог+ке, парк+те т.б.
-рк-ик-ск-кт- дыбыстарының тіркесіне аяқталған сөздердің қосымшасы жіңішке болады.(аналогично)
Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингармонизм заңына бағынбайды.
(Заимствованные слова из других языков не подчиняются закону сингармонизма).

Буын үндестігіне бағынбайтын жайлар да кездеседі
(Ситуации, когда слова не подчиняются закону слогового сингармонизма)
1. Көмектес септігінің -мен-пен-бен- жалғаулары. Мысалы: аға+мен, тас+пен, қағаз+бен т.б.
(Окончания инструментального падежа)
2. Меншікті білдіретін -нікі-дікі-тікі- қосымшалары. Мысалы: Марат+тікі, әке+нікі, ауыл+дікі т.б.
(Суффиксы,обозначающие принадлежность)
3. –паз-қор-қой-гөй-хана-ист-изм-кер-гер-кеш-күнем- жұрнақтары бар сөздер. (Слова с данными
суффиксами). Мысалы: шілде+хана, өнер+паз, машин+ист, пәле+қор, жұмыс+кер, арба+кеш

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *