Есімшеге, көсемшеге, етіске байланысты тест тапсырмалары № 2

Есімшеге, көсемшеге, етіске байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Әр уақытта сабақты етістік болатын етістің қай түрі?
А) есімше В) өздік етіс С) көсемше Д) өзгелік етіс Е) тұйық етістік
2. Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Алғысын жаудырды. В) Қасиетті туған жерді көркейт. С) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар.
Д) Жиналыс өткізілді. Е) Тайынбаған тауды жығады.
3. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
А) –ған-ген-қан-кен В) –а-ып-ғалы-й С) –атын-етін-р Д) –е-іп-ар-ер Е) –с-атын-гелі-п
4. Қай қосымша жіктелмейді?
А) –атын В) –ғалы С) –ған Д) –ар Е) –мақ
5. Көсемшеге жалғанатын жалғауды табыңыз.
А) көптік В) жіктік С) тәуелдік Д) тұйық Е) септік
6. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін табыңыз.
А) келгелі, үйренгелі В) айттым, қалдым С) бітіпті, тозыпты
Д) табатын, үндемес Е) барған емеспін, келер еді
7. Өздік етісті табыңыз.
А) көрді В) таранды С) сағындырды Д) айтысты Е) берілді
8. Есімшенің тәуелденген түрін табыңыз.
А) аяқта, ұқ В) бұзар, шабар С) егер, ендеше Д) көргенің, айтарым Е) жазым, басылым
9. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.
А) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі. В) Туған жердей жер болмас. С) Ел аралаған сыншы болар.
Д) Ат айналып қазығын табар. Е) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
10. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.
А) Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты. В) Жоғары-төмен үйрек, қаз.Ұшып тұрса сымпылдап.
С) тарантас зырлап келеді.
Д) Жанар орнынан тұрып, қонақтарды қарсы алды. Е) Жел басылып қалған екен.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *