Етістік (Глагол)

ЕСІМДІК (местоимение)

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Етістіктің негізгі үш түрі бар: тұйық етістік, көсемше, есімше.
Тұйық етістік — у – ю (й+у) жұрнақтары арқылы жасалады.
Бұл түрді «қимыл есім» деп те атайды. Тұйық етістік зат есімге өзгере алады, шақпен, жақпен байланысы жоқ. (Эту форму также называют «имя действия». Неопределенная форма легко преобразовывается в имя существительное, не выражает лицо и время.) Мысалы: оқу,қолдау,бақылау (читать-чтение, защищать-защита, контролировать-контроль).

Тұйық етістіктің емлесі: (Орфограмма неопределенной формы глагола)

Ниже привожу значение замены — сначала правило, ниже, через перенос, на следующей строке — пример.

и+у=ю
жай+у- жаю

и+у=ю
жи+у — жию

ы+у=у  І+у = у
оқы+у – оқу

йы+у = ю йі+у = ю
байы+у-баю кейі+у-кею

у+у = уу жу+у-жуу

қ+у = ғу  к+у = гу
жақ+у- жағу төк+у- төгу

п+у = бу
жап+у- жабу кеп+у — кебу

(Глагол обозначает действие или состояние лица, предмета. Вопросы: что делал? что сделал?
У глаголов различаются три основных вида: неопределенная форма, деепричастие, причастие. Неопределенная форма глагола образуется при помощи суффиксов -у –ю (й+у))
Отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктер жалаң нақ осы шақта негізгі етістік болады.
(Данные глаголы в настоящем времени в простой форме являются основой глагола).
Мысалы: Мен отырмын. Сен тұрсың. Сен жүрсің. (Мен айтып /тұрмын/ –көмекші етістік).

Етістіктің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки глагола)

Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі етістік – заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі қосымшасыз, бөлшектеуге
келмейтін етістік болады. II жақтың бұйыру мағынасында жұмсалады.
(Основа глагола – начальная форма глагола, обозначающая действие. Это – корень без аффиксов,
неделимая часть слова. Используется во II лице повелительного наклонения)
Мысалы: кел, жаз, отыр, айт, оқы т.б.
2. Туынды етістік – түбір етістікке және басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы
жасалады. Туынды етістіктер есім негізді туынды етістіктер(түбірі есім, үстеу,
одағай) және етістік негізді туынды етістіктер(түбірі етістік)болады.
(Производный глагол – образуется путем прибавления к основе глагола или к другим именным словам
словообразующих суффиксов. Производные глаголы бывают именные
производные глаголы (именной корень, наречие, междометие)
и глагольные производные глаголы (основа глагола)
Мысалы: ой+ла, ой+ла+н+дыр, есеп+те, таза+лан т.б.
Құрамына қарай (по составу)
1. Дара етістік – бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.
(Простая форма глагола – образуется только из одного корня (основа или производный)
Мысалы: бас+та, кес, із+де.
2. Күрделі етістік – кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сынары негізгі етістік, кейінгі
сөз көмекші етістік болады.алып кел, уәде берді, бара-бара шаршадым, сатып алдым, жүре бер.
(Сложная форма глагола – состоит не менее из двух слов. Первая часть состоит из основы глагола, а
вторая часть является вспомогательным глаголом) Мысалы: алып кел, жазып отыр т.б.

Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай (по отношению к результату действия)
1. Болымды етістік – іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
(Положительная форма глагола – утверждает, что действие совершилось,совершится, совершается)
Мысалы: кел, сана, жаз, кет, шық т.б.
2. Болымсыз етістік – іс-әрекеттің болмауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке – ма- ме- па – пе –
ба – бе – жұрнақтарының (синтетикалық тәсіл) немесе – жоқ – емес – сөздерінің
(аналитикалық тәсіл) тіркесуі арқылы жасалады.
(Отрицательная форма глагола – отрицает выполнение действия.Образуется путем прибавления к
непроизводным и производным глаголам суффиксов –ма — ме – па –
пе –ба – бе –синтетический способ или слов -не – нет-аналитический способ)
Мысалы: кел+ме, бар+ма, керегі жоқ, оқыған жоқпын, білдірген емес т.б.

Мағынасына қарай /объектіге қатысына қарай/
(по значению /по отношению к объекту/)

1. Салт етістік — өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.
(Непереходный глагол – глагол, не требующий от предыдущего слова формы винительного падежа)
Мысалы: үйге кел, мектепке бар т.б.
2. Сабақты етістік – алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік.
(Переходный глагол –глагол, требующий от предыдущего слова формы винительного падежа)
Мысалы: хат+ты оқы, үй+ді көрді т.б. сұрақ: нені?

Мағынасына қарай (по значению)

1. Негізгі етістік – толық лексикалық мағынасы сақталады, тікелей сұраққа жауап бере алады,сөйлем
мүшесінің қызметін атқара алады.
(Основной глагол-сохраняет полное лексическое значение, может отвечать на вопрос и являться членом
предложения)
2. Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды, тек негізгі етістіктер
мен есім сөздермен бірге қолданылады.
(Вспомогательный глагол – не имеет полного лексического значения, не может являться членом
предложения, применяется только в составе основного глагола и именными словами)
Мысалы: Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып баласынан сұрады. (Ы.А.)
Не істеп? – келе /жатып/ -негізгі етістік. Не істеді? – сұрады –негізгі етістік.
жатып – сұраққа жауап бере алмайды.-көмекші етістік.

Күрделі етістіктерге (Сложные глаголы) — құрама, құранды, қосарлы, біріккен, тұрақты тіркесу
арқылы жасалған етістіктер жатады.
1. Құрама етістік (составные глаголы етістік+етістік) Мысалы: барып кел, кіріп шық т.б
2. Құранды етістік (составные есім+етістік) Мысалы: жәрдем ет, қызмет қыл, адам бол т.б.
3. Қосарлы етістік (парные глаголы) Мысалы: алдап-сулап, жығыла-сүріне т.б.
4. Біріккен /кіріккен етістік (сращенно-слитные) Мысалы: әкел, әпер, апар, бүйт, сүйт т.б.
5. Тұрақты етістік (фразеологические) Мысалы: ауыз жаласу, таяқ жеу, жүрек жалғау т.б.

Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие производные глаголы от именных частей речи)

1. –ла,-ле,-да,-де,-та,-те: аяқ+та, қол+да, үтік+те, май+ла, жаман+да, үшеу+ле, ілгері+ле, үһ+ле т.б.
2. –лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен: ой+лан, таза+лан, әдет+тен, рух+тан, үй+лен, ашу+лан т.б.
3. –лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес: сыр+лас, пікір+лес, ақыл+дас, көмек+тес, ұйым+дас т.б.
4. –лат,-лет,-дат,-дет: шу+лат, түнде+лет, ән+дет, дауыл+дат т.б.
5. –а,-е: ат+а, дем+е, жин+а, сын+а, тең+е т.б.
6. –ай,-ей,-й: күш+ей, сарғ+ай, көрк+ей, мұң+ай т.б.
7. – қар,-кер,-ғар,-гер: бас+қар, ес+кер, аң+ғар, тең+гер, ат+қар т.б.
8. – ар,-ер,-р: жаңа+р, ескі+р, өзге+р, жақс+ар, ұз+ар т.б.
9. –ал,-ел,-ыл,-іл,-л: жоғ+ал, су+ал, тарт+ыл, тең+ел, бер+іл т.б.
10. –ық,-ік: бір+ік, орн+ық, тын+ық т.б.
11. –сы,-сі,-ымсы,-імсі: пысық+сы, үлкен+сі, оқыған+ымсы, кеткен+імсі т.б.
12. –сын,-сін: жат+сын, адам+сын, көп+сін, аз+сын т.б.
13. –сыра,-сіре: әл+сіре, қан+сыра, жетім+сіре, ой+сыра т.б.
14. –ра,-ре,-ыра,-іре: бұрқ+ыра, күрк+іре, жарқ+ыра, сарқ+ы+ра т.б.
15. –ырай,-ірей: кіші+рей, бақ+ырай, баж+ырай т.б.

Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие глаголы от глагола)

1. –н,-ін,-ын: ки+ін, тара+н, бу+ын, ой+ла+н т.б.
2. –л,-ыл,-іл: аш+ыл, тес+іл, жаз+ыл, жұм+ыл т.б.
3. –т-: тара+т, қара+т, жара+т т.б.
4. –тыр,-тір,-дыр,-дір: жап+тыр, кеп+тір, кел+тір т.б.
5. –тыр+т,-тір+т,-дыр+т,-дірт+т: соқ+тырт, ал+дырт, кеп+тірт т.б.
6. –қыз,-кіз,-ғыз,-гіз : жат+қыз, жет+кіз, өт+кіз, тарт+қыз, же+гіз, отыр+ғыз т.б.
7. –ыз,-із: там+ыз, ем+із т.б.
8. –с,-ыс, -іс: сөйле+с, айт+ыс, бер+іс т.б.

Етістіктің шақтары (Времена глагола)
Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы. (Форма глагола, обозначающая время действия)

2.
Келер шақ – сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. 3 түрі бар.
(Будущее время – действие происходит после момента речи. Есть 3 вида)
1. болжалды келер шақ – іс-әрекеттің келешекте болатынын болжайды.
(Предположительное будущее время- действие предполагается)
Етістік+-ар-ер-р- + жіктік жалғау.(Глаг суфф.+лич.ок).Мысалы: бар+ар+мын т.б.
2. мақсатты келер шақ – іс-әрекет келешекте мақсат етіле орындалады.
(будущее намерения – действие должно быть совершено после момента речи)
Етістік+-мақ-мек-пақ-пек-бақ-бек-+-шы-ші-+жіктік жалғау.
(Глагол+суфф.+оконч.+личн.ок) Мысалы: бар+мақ+пын, бар+мақ+шы+мын т.б.
3. ауыспалы келер шақ – алдағы уақытта болатын іс-әрекетті білдіреді.
(переносное будущее время — выражает привычное действие в будущем) Етістік+-а-е-й+жіктік жалғау. (Глаг+суфф.+личн.ок)
Мысалы: бар+а+мын, кел+е+сің.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *