Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді (По составу суффиксы бывают простые и составные)

Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді
(По составу суффиксы бывают простые и составные)
Жалаң жұрнақ – мағына және форма жағынан бөлшектенбейді.
(Простые суффиксы – по значению и по форме не делятся). Мысалы: біл+ім, мал+шы, үй+шік, кес+пе, оқу+шы: -ім – шы – шік – пе – шы – жалаң жұрнақтар./простые суффиксы/

Құранды жұрнақ – мағына жағынан бір бүтін болса да, құрамы жағынан екі я одан да көп жалаң жұрнақтар болады. (Составные суффиксы –по составу могут быть из двух или более простых суффиксов, хотя по значению они не различаются). Мысалы: мал+шы+лық, бас+ың+қы, құр+а+н+ды: -шы-лық-ың-қы-а-н-ды – құранды жұрнақтар./составные суффиксы/
Өнімсіз жұрнақтар – бірен-саран сөздерге жалғанады да, көп сөздерге жалғанбайды.
(Непроизводные суффиксы – присоединяются только к некоторым словам).
Мысалы: құм+айт, шөл+ейт т.б.
Өнімді жұрнақтар – көптеген сөздерге жалғана береді. (Производные суффиксы – присоединяются к многим словам). Мысалы: жұмыс+шы, оқу+лық, жол+дас, тәрбие+ші, біл+ім, айт+ар, бала+лық т.б.
Омоним жұрнақ – бірнеше есімдерге жататын жұрнақтар.
(Суффиксы-омонимы – относятся к нескольким частям речи).
Мысалы: мал+шы, егін+ші: -шы-ші — зат есім тудыратын жұрнақтар/суф.образующ.сущ./
байқа+шы, кел+ші: -шы-ші — етістік тудыратын жұрнақтар /суф.образующ.глаголы/
Төл жұрнақтар (Исконно казахские суффиксы) – қазақ тілінің байырғы өз тіліндегі жұрнақтар.
Мысалы: -шы-ші-лық-лік-ла-ле-сы-сі т.б.
Кірме жұрнақтар (Заимствованные суффиксы) – басқа тілден енген жұрнақтар.
Мысалы: әсем+паз, Қазақ+стан, арба+кеш, шебер+хана, пара+қор, варвар+изм т.б

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *