Салалас құрмалас сөйлем (Сложносочиненные предложения)

Салалас құрмалас сөйлем (Сложносочиненные предложения)

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
(Виды сложносочиненных предложений с союзами)

1. Ыңғайлас СҚС  (Соединительные ССП)
Жай сөйлемдердің істің, оқиғаның бір мезгілде немесе бірінен соң бірі болғанын,болып жатқанын,
болатынын хабарлайды.
(Простые предложения повествуют о действии, происходящем в одно и то же время или друг за другом) Жалғаулықтар (Союзы): және, әрі, да, де та, те
Мысалы: Биыл жайлауда болдым және ағамның үйіне бардым.
Оспан жүгіре жөнелді, мен де артынан ілестім. Менде әрі құжат жоқ, әрі үйдің нөмірі жоқ.

2. Қарсылықты СҚС (Противительные ССП)
Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді.
(Простые предложения выражают друг-другу ротивопоставление) Жалғаулықтар (Союзы):бірақ, дегенмен, сонда да, алайда, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, солай бола тұрса да, солай болғанмен т.б.
Мысалы: Баянның даусы жақсы, бірақ ол өлең
айтуға ұялады. Менде ондай өнер бар деп ойламаймын, дегенмен биді өнерім жеткенше билеп беремін.

3. Себеп-салдар СҚС (Причинно-следственные ССП)
Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің себебін, салдарын,
нәтижесін білдіреді.
(Второе простое предложение поясняет следствие, причину,
вывод, результат того, о чем говорилось в первом предложении)
Жалғаулықтар (Союзы):
өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десең, сол себепті т.б.
Мысалы: Менің кім
екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті. Біз кешке мектепке барамыз, өйткені
онда салтанатты кеш болады.

4. Кезектес СҚС (Последовательные ССП)
Жай сөйлемдердегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді.(Предложения передают последовательно происходящие события, действия. Порядок следования часто отражают очередность действия) Жалғаулықтар (Союзы):
бірде, біресе, кейде.
Мысалы: Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүріп алады. Балалар бірде ән шырқайды, бірде өзенге барып шомылады.

5. Талғаулы СҚС (Разделительные ССП)
Жай сөйлемдеріндегі айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатыны болжамдалады.
(В простых предложениях перечисляются события, действия
несовместимые друг с другом. Предполагается исполнение только одного действия)
Жалғаулықтар (Союзы):
не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, әлде, әйтпесе, әдетте не, мейлі т.б.
Мысалы:Ертерек үйге дәрігер шақыру керек немесе ауруханаға бару керек. Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз қоштасамыз.

6. Түсіндірмелі СҚС «Іліктес» деп те аталады. (Разъяснительные СПП)

Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп
тұрады.(Второе простое предложение
разъясняет содержание первого предложения) Жалғаулықтары жоқ.

(Союзов не имеет)

Бірінші сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады Бірінші сөйлем сонша, соншама,соншалық, сондай, сол деген сөздері
болса – сызықша қойылады. (После первого предложения ставится двоеточие. Первое предложение может иметь
слова сонша, соншама, соншалық, сондай, сол – тогда ставится тире)Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Өз жөні бар әркімнің: аққу – көкте, көбелек – шөпте.

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
(Виды сложносочиненных предложений без союзов)

1. Ыңғайлас СҚС (Соединительные ССП)
Жай сөйлемдер бір мезгілде, бір мәнде немесе олар бірінен соң бірі болып, іргелес, жалғаулықсыз байланысады.
(Действие в простых предложениях происходит в одно и то же время, друг за другом и связываются без союза) Мысалы: Өнерді түсінбейтін инженер – инженер емес, қиялдай алмайтын сәулетші – сәулетші емес.
Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді.

2. Қарсылықты СҚС (Противительные ССП) Жай сөйлемдер интонация немесе орын тәртібі арқылы байланысады. Сөйлемдердің араларына үтір мен сызықша қойылады.
(Простые предложения связаны между собой интонационно или порядком соединения слов. Между предложениями ставится запятая и тире) Мысалы: Әрі сүйреді, бері сүйреді, — түк істей алмады. Күн жауып кетті, — оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, — бастамақ қиын. Ойымда талай әңгімелер, дастандар жүрген сияқты еді, — біреуі де аузыма түспей қойды.

3. Себеп-салдар СҚС (Причинно-следственные ССП) Жай сөйлемдер интонация және орын тәртібі арқылы байланысады.
Сөйлемдердің араларына қос нүкте қойылады.(Простые предложения связаны между собой интонационно или порядком соединения слов. Между предложениями ставится двоеточие)

Мысалы:Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар. Оларға рақмет айту керек: ұмытқанымызды еске салды. Мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын тексеру қиын: бір істеген жұмысты қайта істеу керек.

4. Кезектес СҚС (Последовательные ССП)
Жалғаулықсыз кезектес салалас құрмалас сөйлем болмайды, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.
(Сложносочиненных последовательных предложений беэ союзов не бывает. Если убрать союзы, то смысл приобретет ССП соединительного перечисления)

5. Талғаулы СҚС (Разделительные ССП) Талғаулы салалас үш жай сөйлемнен құралады да, алғашқы екеуі ма, ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы сөйлем алғашқылардың
іс-әрекетін қорытындайды.
(Разделительные предложения состоят из трех простых предложений. В первых двух применяются вопросительные частицы ма, ме, а последнее предложение подытоживает действие, происходящее в начальных предложениях) Мысалы:
Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді. Бүгін сендер киноға барасыңдар ма, циркке барасыңдар ма, мен ертеңгі емтиханға дайындаламын.

6. Түсіндірмелі СҚС «Іліктес» деп те аталады.
(Разъяснительные ССП) Бұл сөйлем әрқашанда жалғаулықсыз болады.
(Данное предложение бывает всегда безсоюзным) Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды. Өз жөні бар әркімнің: аққу – көкте, көбелек – шөпте.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *