Синтаксис казахского язык

СИНТАКСИС
Синтаксис — сөз тіркестері мен сөйлем түрлерін қарастыратын сала.

Қазақ тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді: 1. сөз тіркесі синтаксисі
2. жай сөйлем синтаксисі
3. құрмалас сөйлем синтаксисі
.
(Синтаксис – раздел, рассматривающий виды словосочетаний и предложений. Синтаксис казахского языка делится на три раздела:
1. синтаксис словосочетания
2. синтаксис простого предложения
3. синтаксис сложного предложения
Сөз тіркесі (словосочетание)
Сөз тіркесі кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.
Айрықша белгілері:
1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады.
2. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағынып сабақтаса байланысады.
3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді. (Словосочетание – это связь не менее двух слов по значению и по форме.
Особенности словосочетания:
1. Состоит из не менее двух слов, имеющих полное значение.
2. Между собой слова связаны подчинительной связью.
3. Дает конкретное понятие предмета или явления).
Сөз тіркесі бола алмайды (не могут быть словосочетанием)

1. Тұрақты тіркестер: Тұрақты тіркестер кемінде екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреді.Ал сөз тіркесінде әр сөз дербес мағыналы болып келеді. (Устойчивые сочетания — сочетание не менее двух слов, имеющих одно значение. А в словосочетании каждое слово имеет отдельное значение).
Мысалы: Қоян жүрек./қорқақ-трус/-тұрақты тіркес. Алмас -қоян жүрек. /Алмас –трус/-/еркін/сөз тіркесі.
2. Күрделі сөздер: Күрделі сөздер екі сөзден тұрғанымен, бір мағынаны білдіреді. (Сложные слова хоть и состоят из двух слов, они имеют одно значение).
Мысалы: келе жатыр-идет, оқып отыр-читает. Азамат келе жатыр. Анар оқып отыр.

Тұрақты тіркестері де, күрделі сөздері де сөз тіркесінің бір сыңары ғана бола алады.(И устойчивые сочетания, и сложные слова в словосочетании могут выступать только как одно слово).
Сөз тіркесі (словосочетание)

Бағыныңқы сөз (зависимое слово)
Тірек сөздің мағынасын нақтылы, даралы сипаттайтын бірінші сөз. (конкретизирует значение главного слова и находится в начале сочетания)
Мысалы:
1. Әдемі (красиво)
2. Отыз (тридцать)
3. Үйден (из дома)
4. Спортпен (спортом)
5. Азаматтың (Азамата)

Басыңқы сөз (главное слово)
Сөз тіркесін жасайтын тірек екінші сөз. (главное слово в словосочетании, находится после зависимого слова)

Мысалы:
сөйлеу (говорить)
оқушы (учеников)
шықпады (не вышел)
шұғылдану (заниматься)
сөзі (слова)

Сөз тіркесінің түрлері (виды словосочетаний)
1. Есімді сөз тіркесі (именное словосочетание) – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. (словосочетание, где главное слово является именным) Мысалы: Жаңа (бағыныңқы сөз) киім (басыңқы сөз).
Оқуға (бағыныңқы сөз) ыңғайлы (басыңқы сөз).
2. Етістікті сөз тіркесі (глагольное словосочетание) – басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. (словосочетание, где главное слово является глаголом) Мысалы:Жел (бағыныңқы сөз) соқты (басыңқы с).
Үйге (бағыныңқы) келді (басыңқы с).

1.Сөз тіркесі:
— сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы толық мағаналы болады. (в словосочетании каждое слово имеет свое полное значение)
— бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары болады.
(имеет зависимое и главное слово)
— әрбір сыңары жеке сұраққа жауап береді.
(каждое слово отвечает на отдельный вопрос)
Мысалы: Биік /қандай?/ ғимарат /не?/. Высокий дом.
Үйге/қайда?/ келді/не істеді?/. Пришел домой.
2. Тұрақты тіркестер:
— сөз тіркесіне ұқсас болғанымен, өздігінен сөз тіркесі бола алмайды.
— (по форме хоть и похожи, но не могут быть словосочетаниями)
— тұрақты тіркесі сөз тіркесінің тек бір сыңары болады. (устойчивое сочетание может быть только одной из пар слов в словосочетании)
Мысалы: Тепсе темір үзетін/мықты/ жігіт. Сильный джигит.
2. Күрделі сөздер:
— сөз тіркесіне ұқсас болғанымен, сөз тіркесі бола алмайды.
(по форме схожи, но не является словосочетанием)
— екі немесе одан да көп сөзден тұрып, бір ғана сұраққа жауап береді.
(может состоять из двух и более слов, но отвечает только
на один вопрос)
— күрделі сөздер сөз тіркесінің тек бір сыңары болады.
(сложные слова являются только одной из пар словосочетания)
Мысалы: Қара торы /қандай?/ бала./кім?/ Смуглый ребенок.

Сөз тіркесінің лексико-грамматикалық мағынасы
(лексико-грамматическое значение словосочетания)
1. Анықтауыштық сөз тіркесі (определительные словосочетания)
— матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестер (именные словосочетания, образованные  при помощи связи соподчинения и примыкания)
— басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімнің? ненің? қандай? қай? қанша? неше?  қайдағы? қашанғы? деген сұрақтары қойылады.  (от главного слова к зависимому слову ставятся данные вопросы)
Мысалы:Алыс/қандай?/жер – қабысу байланыс. Үйдің /ненің?/ есігі-матасу байланыс.
2. Толықтауыштық сөз тіркесі (дополнительные /объектные/ словосочетания) — меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестер (именные и глагольные
сочетания, образованные при помощи связи управления)
— басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен?
неден? кіммен? немен? деген сұрақтары қойылады.
(от главного слова к зависимому слову ставятся данные вопросы)
Мысалы: Гүлді /нені?/ өсірді – меңгеру байланыс.

3. Пысықтауыштық сөз тіркесі (обстоятельственные словосочетания)
— меңгеру, қабысу, жанасу байланысындағы етістікті тіркестер (глагольные сочетания,
образованные при помощи связей управления, примыкания, сопричастности)
— басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қайда? қашан? қайтіп? қалай? т.б. сұрақтары
қойылады. (от главного слова к зависимому слову ставятся данные вопросы)
Мысалы: Қалаға/қайда?/ барды – меңгеру байланыс.
Ертең/қашан?/ барамын – жанасу байланыс.
Дауыстап /қалай?/ оқыды – қабысу байланыс.
Есіңде сақта (запомни):
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. (пары именных словосочетаний связываются друг с другом синтаксической связью примыкания, соподчинения, управления).

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері
(связь именного словосочения – примыкание)
1. Зат есімді тіркестер (сущ+сущ): алтын /қандай?/ қасық /не?/ /золотая+ложка/
темір /қандай?/ балға /не?/ /железный+молоток/
2. Сын есім мен зат есім тіркесі (прилаг+сущ): сұлу /қандай?/ қыз /кім?/ /красивая +девушка/
қызық кітап /интересная+ книга/
3. Сан есім мен зат есім тіркесі (числит.+сущ): алты /қанша?/ оқушы /шесть+учеников/
бесінші кабинет /пятый +кабинет/
4. Есімше мен зат есім тіркесі (причастие+сущ): дамыған /қандай?/ ел /развитая+страна/
жазылған хат /написанное+письмо/
5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі (местоимения+сущ): сол /қай?/ сәт /не?/ /то время/
бұл мектеп /эта школа/
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері
(связь именного словосочетания – соподчинение)
1. Бағыныңқы сыңары ілік септігіндегі зат есім немесе заттанған сөз, ал басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөз тіркесі болады (Зависимое слово находится в родительном падеже или субстантивированное слово, а главное слово является существительным с притяжательным окончанием или субстантивированным словом).
Мысалы: Жақсының /кімнің?/ ісі /несі?/ /дело хорошего человека/;
Отанымыздың /ненің?/астанасы /несі?/ /столица Родины/;
Баланың /кімнің?/ жақсысы /қандайы?/ /лучший из детей/.

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
(связь именного словосочетания – управление)
1. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады.
Мысалы: Малға (неге?) бай. Сөзге (неге?) жүйрік.

Етістікті тіркестері бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркесі жанаса байланысады. ( Глагольные словосочетания связываются друг с другом путем примыкания, сопричастности, управления. Сочетания наречия и глагола образуются путем сопричастности). Мысалы: Биыл /қашан?/ бітіреді /не істейді?/. Кеше /қашан?/ келді /не істеді?/ т.б.

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
(связь глагольных словосочетаний – примыкание)
1. Үстеу мен етістік тіркестері (наречие+глагол): тез /қалай?/ жүгірді /не істеді?/
2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркесі (звукоподраж. слова+глагол): жылт-жылт /қалай?/ көрінді
3. Көсемше мен етістік тіркесі (деепричастие+глагол): сөйлей /қалай?/ кірді
4. Сын есім мен етістік тіркесі (прилаг+глагол): әдемі /қалай?/ жазды
5. Сан есім мен етістік тіркесі (числит+глагол): екі /неше?/ келіп, екі кетті
6. Сан есім+зат есім+етістік: (числит+сущ+глаг): екі рет айтты, бес метр өлшеді

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
(связь глагольного словосочетания – управление)
1. Басыңқы сыңары салт және сабақты етістік, бағыныңқы сыңыры шылау тіркескен сөздер
немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздер. (главное слово-непереходный
и переходный глагол + зависимое слово – слово в сочетании с послелогами или слово в
дательном, винительном, предложно-местном, исходном, творительном падежах).

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *