Зат есімнің талдау сызбасы (Схема разбора существительного)

Зат есімнің талдау сызбасы (схема разбора существительного)
1. Құрамына қарай: түбір, жұрнақ, жалғау (по строению: корень,суффикс, окончание)
2. Тұлғасына қарай (по образованию)
а) негізгі түбір (непроизводный корень)
б)туынды түбір (производный корень)
3. Құрылысына қарай: дара, күрделі (по составу: простые, сложные)
4. Лексикалық мағынасы (лексическое значение)
5. Грамматикалық мағынасы (грамматическое значение):
а) жалпы грамматикалық мағына (общее грамматическое значение)
б) категориялық грамматикалық мағына (значение категории)
в) қатыстық грамматикалық мағына (значение относительности)
6. Сұрағы (вопрос)
7. Мағынасына қарай (по значению)
а) жалпы, жалқы (нарицательное, собственное)
б) жанды, жансыз (одушевленное, неодушевленное)
в) деректі, дерексіз (фактическое, абстрактное)

Мысалы: Кішіпейілділіктің
1. Құрамына қарай сөз бес құрамнан жасалған: кіші+пейіл+ді+лік+тің
2. Тұлғасына қарай: а) кіші – негізгі түбір, б) кішіпейілділік – туынды түбір
3. Құрылысына қарай: дара
4. Лексикалық мағынасы: бір лексикалық мағынасы бар – жалпы ұғымды білдіреді.
5. Грамматикалық мағынасы: екі грамматикалық мағынасы бар.
а) жалпы грамматикалық мағынасы– зат есімді білдіреді
б) категориялық грамматикалық мағынасы – тің ілік септігінің жалғануы арқылы иелік мағынада тұр.
6. Сұрағы – ненің?
7. Мағынасына қарай:
а) жалпы
б) жансыз
в) дерексіз

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *