Жалпылауыш сөздер (обобщающие слова)

Жалпылауыш сөздер (обобщающие слова)
Бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларды ортақ жинақтау мәнін білдіретін мүше.
Жалпылауыш мүше қызметінде жеке сөз де, сөз тіркесі де жұмсала береді. Жалпылауыш мүше қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері, жинақтық сан есім, зат есім қолданылады. Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелердің алдында келсе, одан кейін қос нүкте қойылады. Егер бірыңғай мүшелерден соң келсе, оның алдына тире қойылады.
(Обобщающие слова, дополняя функцию однородных слов, выражают общее их значение. Обобщающими членами могут выступать как отдельные слова, так и сочетания слов. Функцию обобщающих слов могут выполнять указательные местоимения, обобщенно-определительные местоимения, собирательные числительные, существительные с обобщающим значением. Если обобщающее слово находится перед однородными членами, то после обобщающего слова ставится двоеточие. Если оно находится после однородных слов, то перед обобщающим словом ставится тире).
Мысалы: Мына ағаштар: қарағай, қайың, терек – біздің жерде көбірек кездеседі.
Қамар, Мәкен, Әлия – бәрі Шәкеннің сүйікті балалары.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *