Балабақшалардың санын арттыру

Қазіргі таңда орындардың жетіспеушілігі салдарынан елдегі балалардың тек 74%-ы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бару мүмкіндігіне ие.
Алайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі қиыншылықтар бәріміздің есімізде. Жаппай жекешелендіру және балабақшалардың жабылуы олардың санының азаюына әкелді.

Нәтижесінде мектепке дейінгі білім берумен қамту 90-шы жылдары 11%-дан кем (ауылдық жерде – 2%-дан кем) болды.
2000 жылдан бастап мәселе шешіле бастады. Елдің барлық аумақтарында балабақшалардың құрылысы қалпына келді. Осы мәселені шешудегі ауқымды ілгерілеу 2010 жылы «Балапан» бағдарламасын іске қосқан кезде байқалды. Оны іске асыру кезінде балабақшалардың саны 10-нан астам есеге өсті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды арттыру үшін не жасалады:
— жаңа мемлекеттік балабақшалардың құрылысы;
— МЖС (мемлекеттік – жеке серіктестік) механизмі жүзеге асырылады;
— мектепке дейінгі білім беру саласында жеке кәсіпкерлерге жеңілдіктер;
— мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жеңілдету үшін
— санитарлық Қағидалар мен Құрылыс нормалары мен қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.

Соңғы 5 жылда балабақшалардың және шағын орталықтардың арту санының серпінін инфографикадан бақылауыңызға болады. Осы жылдар ішінде мектепке дейінгі білім беру желісі 2388 нысанға артты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 54%-ға дейін (758772 бала), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту — 82%-ға дейін (658312 бала) артты.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы барлық балалардың ¾ балабақшаларға және шағын орталықтарға барады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақсаты – 2020 жылға дейін елдегі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі білім берумен қамту. Осы мақсатқа жету үшін тағы 2251 мектепке дейінгі ұйымдар (шамамен 300 мың орын) салынатын болады.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *