Индира Калекеева — талантты кәсіпкер

Индира Калекеева — талантты кәсіпкер. 2 жыл ішінде 3 (2 Зере және Нұр-Сәби) жекеменшік балабақша ашып, қазіргі уақытта үшіншісін тұрғызып жатыр. Балапан бағдарламасы бойынша 145 бала, жалпы балабақшаларда 200 бала тәрбиеленуде. 60-тан астам қызметкерлері бар. Мамандығы бойынша есепші. Аяулы жар және 2 баланың анасы.

Сұрақ: Индира Нурғалиқызы сіз неліктен өз уақытыңыз бен күшіңізді мектепке дейінгі білім беру саласын инвестициялау үшін жұмсауға шешім қабыладыңыз?

Индира: Балабақшаларды инвестициялауымның басты себебі, балаларға деген махаббатымнан. Мен өмір бойы ірі ұйымдарда есепші болып қызмет атқардым. Балаларымыз барып жүрген балабақша кенеттен жабылып қалғандықтан, жұбайым екеуімізге жекеменшік балабақша ашу идеясы келді. Мектепке дейінгі білім беру саласынағы кәсіпкердің иғында үлкен жауапкершілік бар. Себебі, бизнес тек қаржылық инвестициялауды талап етпейді сонымен қатар, жұмысқа барынша берілуің керек. Жаңа балабақша ашу арқылы біз кем дегенде 20 жұмыс орнын құрамыз. Орталықтағы барлық сәбилер мен үшін туғанымдай және ата-аналары да бізге сенеді. Мысалы, осы жылы 4 мектеп алды даярлық топтарын аштық. Біздің бала бақшамызға бұрыннан келіп жүрген балаларды және олардың іні-қарындастарын ашылған топтарға орналастырдық.

Сұрақ: «Балапан» бағдарламасы жөнінде не ойлайсыз? Оған қандай баға бересіз?

Индира: «Балапан» – жекеменшік балабақшаларда, толық құнын төлей алмайтын отбасылар үшін жақсы көмек көрсететін бағдарлама деп ойлаймын. Мысалы, біздің балабақшаларда «Балапан» бағдарламасы аясында бір бала үшін 30 000 теңге, оның 20000 теңгесін мемлекет төлейді. Бұл бағдарлама бойынша бізге көбінесе балалары мемлекеттік бала бақшаларда кезекте тұрған ата-аналар келеді. Мен кәсіпкер ретінде шағын және орта бизнесті қолдайтын осындай бағдарламалардың болғаны үшін мемлекетке ризамын. Әсіресе, бұл дағдарыс кезінде ерекше маңызды болып табылады.

Сұрақ: Жұмыс барысында кедергілер болды ма? Ондай кездерде Мемлекет тарапынан көмек көрсетілді ме?

Индира: Біздің басты проблемамыз өз ғимараттарымыздың жоқтығы. Ғимараттарды жалға алуға тура келеді және бөлмелерге реттеу жұмыстарын жүргізу керек. Жұма күні жалға берілген орынның иесі келіп демалыс күндеріне дейін ғимартты босатуды сұраған кездерде болған. Заңды түрде дұрыс емес екенін білсек те, өзіміздің ғимарат болмағандықтан дауласудың еш мәні жоқ. Сенбі, жексенбі күндері басқа орынға көшіп, дүйсенбі күні жұмысқа дайын болуымыз керек. Себебі, көшу бұл ата-аналар мен балардың емес тек біздің проблемамыз ғой. 2 жылдық жұмыстан кейін, бірден өз ғимаратың үшін несие алу қажет екенін түсіндім. Биылғы жылы біз кәсіпкерлікті дамыту «Даму» АҚ қорының қолдауымен, төмен пайыздық мөлшермен несиеге жекеменшік ғимарат алдық. Бұл біздің төртінші балабақша болады. Біздің ауданда жекеменшік балабақшалар иелерінің арасында ешқандай бәсекелестік жоқ екенін ескергім келеді. Аудан әкімдігі үнемі жұмысымызды талқылау және өзіміздің жаңалықтарымызбен бөлісуге жиналысқа шақырып тұрады. Әкімдіктің көмегімен WhatsApp желісінде чат құрылған. Онда кәсіпкерлер жаңалықтарымен бөлісіп, кедергілер туындағанда оны шешу жолдарын қарастырамыз. Бір саладағы кәсіпкерлер ретінде достық қарым-қатынастамыз және бір-бірімізге көмек көрсетуге тырысамыз.

Сұрақ: Сіздердің бала бақшаларыңыздың ерекшелігі неде? Басқалардан несімен ерекшеленеді?

Индира: Ең алдымен, біздің бала бақшада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін видеобақылау орнатылған. Сонымен қатар, қазір вирустық инфекциялар өршіп тұрған кезде біз күн сайын балалардың мұрнына оксолин жақпа майын жағып, арнайы құралдармен тазалап отырамыз.

Біздің екінші бір ерекшелігіміз — жыл бойына табиғи жеміс жидектерді қолдануымызда. Жылдың суық мезгілінде балаларды табиғи дәрумендермен қамту үшін жазда жергілікті жемістерді сақтап қоямыз.
Сонымен бірге, балабақшаның оқу бағдарламасына кәсіби хореография, айкидо, сандық арифметика сияқты сабақтар кіреді. Осы жылы мұғалімдеріміз «жылдам оқу» техникасы бойынша арнайы білім алды. Енді олар «жылдам оқу» сабағын үлкен топтармен қатар кіші топтарға да жүргізуде.

Сұрақ: Енді ғана бала бақша ашқалы жүрген кәсіпкерлерге қандай кеңес бере аласыз? Қандай да бір кедергілердің алдын ала алады ма?

Индира: Несиеге алынған болса да, мектепке дейінгі білім беру орталығына сай құрылыс жасауға ыңғайлы өз ғимаратың болғаны дұрыс екенін түсіндім. Жас кәсіпкерлерге ешнәрседен қорықпаңыздар дегім келеді. Себебі, бізге Білім және Ғылым министрлігінің, әкімшіліктің және «Даму» АҚ қорының тарапынан барынша қолдау бар. Тәуекелге бел буып, тек қана алға жүру керек.

Қызықты сұхбат пен қажетті кеңестер бергені үшін Индира Калекееваға алғыс білдіреміз. Балалармен жұмыс жасау барысында ары қарай жетістіктерге жете беруін, кәсібінің гүлденуін тілейміз! Ал, біз сіздерді жақын арада мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту саласындағы басқа да кәсіпкерлермен таныстыратын боламыз. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ресми парақшасына ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР!

Егер сізді Индира Калекееваның тәжірибесі қызықтырған болса, балабақша ашу туралы ережелдерді мына ссылка арқылы көре аласыз.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *