геоэкология

ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Д.Биткөзов, Ғ.Жарылғапов, Қ.Мұздыбаев, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері Б.Жүнісовтер табысты жұмыс жүргізе білді. Соның нәтежесінде самбодан қазақ жастары арасынан тұңғыш әлем чемпионы тәжін киген Қ.Байшолақов, әлем, Азия кубоктарының иегерлері, құрлықтық, әлемдік бәсекелер жүлдегерлері С.Балабоев, А.Махмутов, Талғат пен Жанат Байшолақовтар есімдері спорт тарихында өшпес із қалдырды. Қаражал өңірінде де күрес өнері кең қанат жайған. Оның алғашқы көшбасшысы А.Мұхамедин болды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында да дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар, әскер қатарына шақырылуы тиіс жастардың әскери қызметке дайын болу міндеттерін шешуге бағытталды. Мындаған «КСРО еңбегі және қорғанысына дайын бол» белгісінің иегерлері дайындалды.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, дене тәрбиесі және спорт қозғалысы, өзінің жаңа даму кезеңін бастады. Спорт түрлерінен білікті педагогикалық мамандар мен жаттықтырушыларды дайындау ісі қолға алынды. 1946 ж. Қарағандыда жұмысшы жастардың спорттық мектебі ашылды (1954 жылдан балалардың спорт мектебі). 1958 ж. қысқы жүзу бассейні бар спорт сарайы пайдаланылуға берілді. Педагогикалық институттың жанынан 1959 ж. дене тәрбиесі факультеті ашылып, ол 1970 ж. дене тәрбиесі институты болып қайта құрылды. 1966 ж. дене тәрбиесі және спорт техникумы алғашқы талапкерлерді қабылдады. Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат 1971 ж. ашылып, кейін оған Ә.Молдағұлованың есімі берілді. 70-жылдары «Октябрь» мұз айдыны спорт сарайы (казіргі «Ақжолтай») және жеңіл атлетика манежі пайдалануға берілді. Теміртауда ескек есу клубы жұмыс істеді.
2000 жылдың 1 қарашасынан күрес түрлері бойынша «Дәулет» ОЖСМ-нің ашылуына байланысты, облыстық туризм және спорт комитетінің 30.10.2000 ж. №75 бұйрығына сәйкес, жоғары шеберлік спорт мектебінен грек-рим және еркін күрес бөлімшелері «Дәулет» ОЖСМ-не берілді.
Облыстық жоғары шеберлік спорт мектебінде спорттың 14 түрінен дайындық-жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Олар мыналар: спорттық гимнастика, бадминтон, бокс, самбо, дзюдо, волейбол, велоспорт, жүзу, суға секіру, ауыр атлетика, триатлон, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және конькимен жүгіру спорты. 2001 жылдың ақпан айында спорттың дзюдо, самбо, қазақша күрес түрлерінен «Жас сұңкар» атты облыстық жас-өспірімдер мектебі ашылды. Жаңа ашылған мектептің шәкірттері жоғары шеберлік спорт мектебінің бір топ самбошы оқушыларымен толықтырылды.
Жоғары шеберлікті спортшылар мен спорт резервін дайындау; олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға тиімді жағдай жасау мақсатымен ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 3 наурыздағы «2001-2005 ж. Қазақстан Республикасыңда дене тәрбиесі және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығына сәйкес, облыста спортты жаңа сатыға көтеру ісіне ерекше назар аударылды. Облыстың жоғары шеберлік спорт мектебі білікті шәкірт дайындаудың аясын кеңейту ісін қолға алды. Мектепке қосымша ғимарат берілді. 2001 жылдың шілде айында, Қарағанды облысы әкімі шешімінің негізінде, облыстық туризм және спорт комитеті жанынан «Олимпиадалық дайындық орталығы» құрылды. 2002 ж. облыстың жоғары шеберлік спорт мектебінде волейбол, жүзу және жеңіл атлетика түрлерінен дайындау жаттықтыру жұмыстары жүргізілді. Осы жылы Астанада өткен ашық Азия чемпионатында Г.Папу кикбоксингтің лоу-кик түрінен жеңімпаз атаңды.
Қарағандылық спортшылар түрлі деңгейдегі жарыстарға, спорттың әр түрінен, әрдайым қатысып отырады. Қарағанды облысының спортшылары 1964-1965 ж. республиканың 17, КСРО-ның 2 рекордын жаңартты. 1964 ж. Токиода өткен XVIII Олимпиада ойындарында палуан А. Колесов алтын медаль, Мюнхенде өткен XX Олимпиада ойындарында жүзуден В. Абоимов және велошабандоз A. Степаненколар күміс медальға қол жеткізді. 1976 ж. Монреалда өткен XXI Олимпиада ойындарында ауыр атлет Ю. Зайцев алтын медальды жеңіп алды. В. Муравьев (жеңіл атлетика) және B. Мазин (ауыр атлетика) 1980 ж. Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында екі алтын медальға ие болды. 1983 ж. жастар арасында өткен Әлем чемпионатында А.Жаппаров еркін күрестен алтын медаль жеңіп алды. Еуропа чемпионатында боксшы С. Нұрқазов алтын медаль иегері болып, Әлем кубогінде күміс медальды жеңіп алса, Еуропа чемпионатына алғашкы рет қатысушы Б.Есжанов қола медальға ие болды. Лос-Анджелестегі XXIII Олимпиада ойындарымен қатар еткізілген «Достық» атты халықаралық жарыста жеңіл атлет B. Муравьев 1-орын алып, Еуропа рекордын жанартты. С. Нұрқазов күміс медальға ие болды. C. Алшынбаев жастар арасында өткен Әлем чемпионатында, Әлем кубогінде және Еуропа кубогінде медальдарды жеңіп алды. 1988 ж. Әлем біріншілігінде 10 сайыстан Э.Хямяляйнен жүлдегер атанды. 1987 ж. Еуропа чемпионатында В. Муравьев 200 метрге жүгіруден алтын медальмен марапатталып, И. Растороцкий классикалық күрестен Әлем және Еуропа чемпионаттарында алтын медаль иегері атанды.
Жезқазған қаласында Кеңгір су коймасында орын тепкен байдарка мен каноэ есуге мамандандырылған спорт мектебінде 5 халықаралық спорт шебері (Әлем чемпионы (Австрия, 1987), олимпиада жүлдегері (Сеул, 1988), А. Апанович, Азия ойындарының екі дүркін чемпиондары (1994,1998) Қ. Нұрмағамбетов, С. Скрыпник, Әлем кубогының жеңімпазы (2002) А.Чебоксарова,Әлем чемпионатының қола жүлдегері В. Горовой, 23 ҚР спорт шебері тәрбиеленді. Мектеп түлектері И.Паркинен, А.Рубцов 1997 ж. Азия чемпиондары атанды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 1993 жылдан бастап Азия чемпионаттарына қатыса бастады. 1994 ж. пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз А. Сивоконь және Н.Мир алтын медаль иегерлері болды. Боксшы А.Топаев Әлем кубогін жеңіп алды. 1995 ж. А. Сивоконь жастар арасындағы Әлем чемпионатында пауэрлифтингтен 5 рет әлем рекордын жаңартгы. Осы жылы Азия чемпионатына қатысқан облыс спортшылары 5 алтын медальды иеленді. Олар: Б.Әубәкіров (бокс), А.Мизуров (велоспорт), С.Қожахметов, В.Букатко, А.Никитин (пауэрлифтинг). Күміс медальды Е.Селина (жеңіл атлетика), Н.Мир (пауэрлифтинг), С.Лавриненко, С.Коннов (велоспорт), қола медаль А.Казаков, А.Козарева (пауэрлифтинг), A. Нұровтар (грек-рим күресі) жеңіп алды.
Балқаш қаласынын түлегі В. Жиров 1996 ж. Атлантада өткен Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанды. Ол сонымен қатар олимпиада боксшылары арасында шебердің шеберіне берілетін B.Баркер кубогін иеленді. 1997 ж. олимпиадалық спорт түрлеріне жатпайтын Әлем ойындарында А.Сивоконь пауэрлифтингтен әлем рекордын 3 рет жаңартып жеңімпаз атанды. Азия чемпионатында С.Мұсатаев (бокс) жеңімпаз атанса, А. Топаев (бокс), И.Морозов, А.Николайчуктер (велоспорт) күміс медальға қол жеткізді. Шығыс Азия ойындарында И. Базиев еркін күрестен қола медаль жеңіп алды. 1998 ж. самбо күресінен өткен Әлем чемпионатында А. Ломакин күміс медаль иегері атанды. Жастар арасында өткен Азия чемпионатында О.Нұрказов (бокс) және А. Өтешовтер (грек-рим күресі) қола медальды жеңіп алды. 1999 ж. Әлем біріншілігіңде М. Нығманов самбо күресінен 3-орын алды. Д.Мұңайтпасов (бокс) Азия чемпионатының күміс медалін, С.Елеуов (бокс) және В.Бердутта (дзюдо) қола медальды иемденді. III Орталық Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында,спорт мектебінен 17 спортшы қатысып, 5 спорт түрінен 28 медаль жеңіп алды (14 алтын, 11 күміс, 3 қола). 2000 ж. Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Д.Мүңайтпасов 6-орын алды. 2000 ж. жастар арасында өткен Әлем чемпионатында И.Момцилидзе (еркін күрес), Г.Головкин (бокс), 3.Дауымбаев (самбо) алтын медаль, Д.Есімханов қола медаль жеңіп алды. А.Сивоконь пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында 3 алтын медаль және штангіні жатып сыға көтеру Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Велошабаңдоз К.Кузнецов Әлем кубогінде шосседегі топтық көп күндікте, құрама сапында 1-орын алды. Азия чемпионатында И.Ульева ядро серпуден қола медаль, ал М.Коржова және А.Карповалар жастар арасыңда өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегерлері атанды. I Шығыс Азия ойындарыңда Қарағанды облысынан 9 спорт түрінен 25 спортшы қатысып, түрлі дәрежедегі 9 медаль жеңіп алды (2 алтын, 2 күміс, 5 қола). Жоғары шеберлік спорт мектебінен спорттың 4 түрінен 9 спортшы қатысып, мектеп шәкірттері Г.Головкин (бокс), Д. Карпов (жеңіл атлетика) алтын медальға; С.Әбікеева (дзюдо), В.Бердутта (күрес), Ю.Пахляев (биіктікке секіру), И.Ульева (ядро, жеңіл атлетика) қола медальға қол жеткізді.
Қарағанды спортшылары үшін Афинада өткен Олимпиада ойындары (2004 ж.) шындалу сыны іспетгі бөлды. Бұл сында Г.Головкин күміс медальға, С.Елеуов (бокс) және Д.Карпов (жеңіл атлетика) қола медальдарға ие болды. 2005 ж. бокстан Әлем чемпионатында С.Сапиев чемпион атанды. Сонымен қатар Қарағанды облысының басқа да бірқатар спортшылары жоғары спорттық нәтижелер көрсетті.
Облыста әр спорт түрлерінен дәстүрлі жарыстар өткізіліп тұрады: еркін күрестен Н.Әбдіров жүлдесі үшін турнир; «Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесі үшін жеңіл атлетика жарысы; бокстан Ғ.Жарылғаповты еске алу халықаралық турнирі; «Қарлы қыс» атты облыстық қысқы спартакиада; облыстық «Сарыарқа» жазғы ауыл спартакидасы; дзюдо күресінен Теміртау қаласында ашық республикалық «Огни Магнитки» турнирі. Қарағандының «Шахтер» футбол командасы 1958 жылдан КСРО, 1992 жылдан ҚР чемпионатында ойнайды. 2003 ж. құрылған «Қазақмыс» шайбалы хоккей командасы 2006 ж. ҚР чемпионы әрі жүлдегері, сондай-ақ РФ чемпионатының Шығыс тобында 3-орынды жеңіп алды.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *