Мәметов Базарбай

Мәметов Базарбай — Алаш зиялысы, Алашорда үкіме­тінің мүшесі, Жетісудағы Алаш қоз­ғалысының көрнекті мүше­лерінің бірі, заңгер.

1888 жылы (екінші бір архивтік құжатта 1891 жылы туған деп көр­сетілген) 20 мамырда Жетісу об­лысы, Лепсі уезі, Балқаш-Лепсі болысында (қазіргі Сарқант ау­даны) дүниеге келген.
Өмірбаяны

1900-1911 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқиды. Алғашында Мәскеудегі Алексеев әскери учи­лищесіне оқуға ынтасы бол­ға­нымен, 1911 жылы Қазан уни­верситетінің заң факультетіне түсіп, оны 1917 жылы бітіріп шы­ғады.

ЖОО-да оқып жүргенде-ақ, ол әр түрлі жұмыстарға белсене араласады. 1916 жылы атақты «июнь» жарлығы шыққанда Қа­зан­да оқитын қазақ студенттері ішінде Б. Мәметов те бар, тыл жұмысына бара жатқан орыс тілін білмейтін қазақ жігіттеріне бас-көз болу үшін «Қазақ» газетінің бе­тінен «бүкіл ақ жүрек бауырларын» шақырып, үндеу жолдайды. Бұл үндеуді Ә. Бөкейханов «Бауыр­ларым, ден сау, жас шақтарыңда жұрт үшін жұмылыңдар!» — деп жылы қабылдайды.

Ақпан төңкерісінен соң Алаш қозғалысына белсене араласады. 1917 жылғы шілде айындағы Жал­пықазақтық съезде Жетісу облысынан бүкілресейлік Құрыл­тай жиналысына депутаттыққа ұсынылып және бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне (Шоро-и-Исламға) өкіл етіп сайланады.

Ал сол жылғы желтоқсанда өт­кен Жалпықазақтық съезде Алаш­орда үкіметінің мүшелігіне облыс­тардан тысқары, яғни жалпы қазақ атынан кіреді. Осының өзінен-ақ Б.Мәметовтің абыройының қан­ша­лықты екенін аңғаруға болады.

Азамат соғысы жылдары басқа да ұлтжанды қазақ зиялылары сияқты Б.Мәметов те ақ пен қы­зылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ ара­сында қалған қазақ жұрт­шылығын аман сақтап, қор­ғау мақсатында Семейде 1918 жылы 1 Алаш полкін жасақтауға және Жетісу жерінде қазақ жігіт­терінен алаш сарбаз­дарын ұйым­дастыруға ат салысады. Жетісуда С. Аманжоловпен бірге аштық-күйзеліске ұшыраған жұрт­шылыққа көмек комитетін ұйымдастырады.

1918 жылы 10-31 тамыз аралы­ғында Лепсіде өткен Алаш орданың Жетісу облыстық 2 қазақ съезіне қатысып, оның кеңесінің мүшелі­гіне сайланады. Колчак үкіметі тарапынан боль­шевиктермен қатысы бар деген жалған желеумен Алашорда мү­шесі Лепсі көмек комитетінің төр­ағасы Б.Мәметов қуғын-сүргінге ұшырайды. Қуғынға ұшыраған Алаш зиялысы Б. Мәметовке М. Тынышпаев ара түсіп, адмирал Колчакқа хат жазады.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *