Жақып Ақбаев

Жақып Ақбаев – Алаш зиялысы, күрескер, қайраткер, Алашорда үкі­ме­ті­нің мүшесі, заңгер. Құқықтану магистрі.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
2 Патша манифесі
3 Кеңес үкіметі
4 Қайтыс болуы
5 Зерттеулері
6 Пайдаланған әдебиет
Өмірбаяны

1876 жылы 25 қазанда Се­мей облысы, Қарқаралы уезі, Берікқара болысы, №3 ауы­лының Төңіректас деген жерінде дәулетті отбасында туған. 1886 жылы Қарқа­ра­лы қала­сындағы қазақ ин­тер­на­тын­да оқып, 1889 жы­лы Омбы гимназиясына тү­сіп, онда 7 жыл, онан кейін Томск гим­на­зиясына ауы­сып онда бір жыл оқып, 1898 жылы бітіріп шығады да, Санкт-Петер­бург универси­тетінің заң фа­культетіне түседі. 1903 жылы 1-дәрежелі дипломмен біті­ріп шығады. ЖОО-да оқып жүргенде ілім-білімнің әр саласын мең­геруге талапта­нады. Адам­­ның есте ұстау қабілеті мен фактілерді ек­ше­леудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қала­сындағы мнемоника профессоры С.Файнш­тейн­нен дәріс тың­дауға және Санкт-Петер­бург­тегі Ар­хеология инсти­тутына оқуға түсуге универ­ситет басшы­ла­рына өтініш те жазады. Мемлекеттік сынақ комис­сиясында «Қазақ­тар­дың не­келік құқығы» атты тақы­рыпты қорғауға бекітіп ала­ды. Кейін осы тақы­рыпты түрмеде отырғанда ары қа­рай жалғастырып, ке­ңейтіп, 1907 жылы Орыс гео­графия­лық қоғамының Се­мей бө­лім­шесінің жазба­ла­рын­да жариялайды. ЖОО бі­ті­рі­сі­мен Омбы сот палата­сына қыз­метке тұрады. 1905 жылғы тамызда Омбы қала­сындағы 2-учаскенің бітім­ші соты болады.
Патша манифесі

1905 жылғы шілде айында Омбы қаласында патша әкім­шілік орындарының мә­жілісі өтіп, онда Дала өл­кесінің генерал-губернаторы Сухотин бас болып қазақ өкілдерін Дума сайлауына қатыстырмау туралы мәселе қозғайды. Міне, осы шешім­ге қарсылық ретінде Ә.Бө­кей­­­ха­новтың ұйымдас­ты­руы­мен Қарқаралы уезінің 42 қазақ өкілетті адамдары атынан патшаға 1905 жылы 22 шілдеде Ақбаевтың құрастыруымен жеделхат жіберіледі. 1905 жылы 17 қа­зандағы патша манифесінен кейін жер-жерде бостандық, теңдік, сөз еркіндігі жөнінде қызу талас, митингілер өтіп жатты. Іле-шала осындай митингі, шерулер 19 қазанда Омбы қаласында өтіп, оған Ақбаев қызу кірісіп ке­теді. «Үкіметке тіл тигізгені» үшін ол қызметінен қуыла­ды. Артынан ол Кереку қа­ласы, Баянауыл станица­сын­да жиындар өткізіп, пат­ша режимін шенеген сөздер сөйлейді. 1905 жылғы 15-16 қарашада Қарқаралы қала­сын­да өткен үлкен жиында ол тағы да жалынды сөз сөй­лейді. Патшаның жергілікті әкімшілігі «мемлекеттік қылмыс істеп, опасыздық жасады» деп 1906 жылғы 11 қаңтарда тұтқындап, Семей түрмесіне жөнелтеді.Міне, осы кезден бастап Ақбаев патша және Ке­ңес өкіметі кездерінде үнемі қуғын-сүргінді, тепкіні көп көріп, абақты-айдаудан көз ашпады деуге болады. Жетісу облысының Қапал уезіне 2 жылға жер аудары­лады. Қайда жүрсе де ол пат­ша шенеуніктерінің пара­қор­лығын, халыққа жасаған озбырлығын үнемі әшкере­леп отырады. Қарқаралы уезін­дегі шаруалар учаскесі­нің бастығы Цыловтың және де басқалардың парақор­лы­ғын әшкерелейді. Қапалда жүргенде де келімсектерден қиянат көрген қазақтардың мүдделерін қорғап, осында айдауда жүрген К.Төгісов­пен бірлесіп, сот процесінде әділ шешім шығаруға ықпал жасайды.
Кеңес үкіметі

Ақбаевтың патша әкім­­шілігінің жоғары орын­да­рына өзінің жазықсыз жапа шегіп, айдауда жүрген мер­зімін қысқартып, не сот үкі­мін бұзу жөніндегі арыз-ша­ғымдарында (мысалы, сена­тор граф Паленге жазылған осы құжатты және Ақбаев­қа қатысты басқа да мате­риалдарды алғаш тауып, жа­риялаған белгілі ақбаевта­нушы-ғалым, М.Құл-Мұ­хам­мед) өзінің жеке басы­ның мәселелері көрініс тап­қандай болып көрінгенімен, шын мәнісінде, ол құжат­тарда патша әкімшілігінің озбырлық, зорлық-зом­былық, зымияндық саясаты, шенеуніктердің парақор­лығы, жер мәселесінің ушы­ғуы сияқты мәселелер көтерілген.Ақпан төңкерісінен соң 1917 жылғы 27 сәуір мен 7 ма­мыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезін өткізуге белсене ара­ласып, оның облыстық ко­ми­тетінің мүшелігіне де сай­ланады, сол жылғы 24 қыр­күйекте өткен кеңесіне де қатысады.1917 жылғы шілде айында болған Жалпы қазақтық съез­де Құрылтай жина­лысқа депутаттыққа ұсыны­лып, ал Желтоқсандағы съез­де Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтеді. Азамат соғысы жылдары Колчак және тағы басқа уақытша өкі­меттер оны бірнеше рет абақтыға жауып, ату жаза­сына да кесіп, артынан ол үкімді бұзып, Ақбаевтың басы шыр айналып, Алаш­орда үкіметінің мүшесі ре­тінде елдік, алаш ісіне то­лыққанды бел шеше араласу мүмкіншілігінен айыры­лады.
Қайтыс болуы

Кеңес өкіметі орнаған соң ол Семей губревкомының заң бөлімінде жұмыс істеп, оның «етене араласуымен губерния бойынша сот-тергеу учаскелері құры­лады». Біраз уақыт Семей кеңестік халық сотының мүшесі болады, Қарқаралы уездік халыққа білім беру бөлімінде және Семейде әр түрлі қызметтер атқарады. Ақбаев басқа да Алаш қайраткерлері сияқты ста­линдік зобалаңға түсіп, Во­ро­нежге жер аударылып, ол жақтан ауруына байла­ныс­ты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 шілдеде Алматыда қайтыс болады.
Зерттеулері

Ақбаевтың өмірі мен қызметі, саяси серіктері А. Байтұрсынов және Ж. Досмухамедов тағы басқа Алаш ардагерлерімен үндес келеді. Ақбаев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде отбасы-неке құқығын зерттеп, баспасөз бетінде публицистикалық материалдар жариялады. Қазақтың әдет-ғұрып, неке-отбасы мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Абай аулымен қоңсы қонып, жастайынан ұлы ақынның өлеңдерін жаттап өсті. 1909 жылы Абай жырларының Петербургте кітап болып шығуына қолғабыс жасады. «Қазақстандағы семья-неке қатынастары» (1907), «Қазақтың шығу тегі туралы» (1927) тағы басқа ғылыми зерттеулері Абайдың қарасөздері мен «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» шығармаларымен үндеседі. Алашорда қозғалысына белсене қатынасып, Семейде қызметте жүрген кезде Әуезовпен таныс-біліс, пікірлес, аралас-құралас болған.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *